Бұғы мүйізінен емді дәрі-дәрмектің бірінші рецепті б.э.д. 168 жылы Қытайда пайда болды. Уақыт өте келе бұғы мүйізінің пайдалы емдік қасиеттері бүкіл әлемге әйгілі болды және қазір бұғының мүйізі үшін бұғы бағу Қазақстанда, Қытайда, Жаңа Зеландияда кең таралған. Еліміздің ең әдемі жерлерінің бірінде, Қазақстанның шығысындағы Қатын-Қарағайда мамыр айынан бастап мүйіз кесуге дайындалып жатқан шағын марал шаруашылығы орналасқан. Мұнда 500 бас марал бар
Жаз кезінде бұғы мүйіздері әр үш күн сайын кесіліп тұрады. Кесу рәсімі әлсіреген маралдар күннің астында қалмау үшін, таң сәріде ерте өтеді.
Бұл үшін марал бағушылар таңертең сағат бесте тұрып, маралдар бағылатын жайлауға кетеді