Таза ауа
Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жануарлардың денесіне сіңеді жене жер бетіне шөгеді. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мындаған километр жерге айдап апарады. Міне сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардан ауаны қорғау адам денсаулығы үшін де, тіршілік үшін де үлкен мән алады.
Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу, адамзат баласының алдында тұрған үлкен проблемалардың бірі.
Ауаның әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте-бірте түпкілікті мутагенді өзгерістср тудыратыны анықталып отыр. Мысалы, қалалардың үстін, 2000—2500 м биіктік көлемінде, әр түрлі газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл (не тұман екені, не бұлт екені белгісіз) түтін басып тұрады.