Қобыланды – ерліктің символына айналған тарихи қайраткер. Қазақ эпосындағы Қобыланды бейнесі – ол қайсар рухтың символы. “Қобыланды батыр” эпосы туралы қазақ әдебиеттану ғылымында аз жазылған жоқ. Халық бойына отаншылдық сезімін сіңдіріп, эстетикалық тәрбие беруде үлкен рөл атқарып келе жатқан осы бір күрделі көркем жыр жайындағы сөз жалғаса беретіні де анық.