Тәуелсіздігіміздің бұғанасы берік, ергелі ел екенімізді төртгүл дүниеге түгел көтеріп, мемлекетіміздің мәртебесін көтеретін ұлы мұратымызды алдағы күндері қанағаттандыратын ұрпақ қамы әрдайым есте тұрады. Тілге тиерлік боларлық әнгіме. Солардың сергектігі мен сымбаты, ептілігі мен күштілігі, ертеңгі күнге даярлығы президентіміздің Қазақстан халқына жолдауында спортты дамытып, салауатты өмір салтын орналастыруға аса мән берілгені баршаға мәлім. Елбасының бұл талабы біздің күнделікті сан-салалы жұмыстарымызға білім мен дене тәрбиесін беруде жауапкершілігімізді арттыра түседі.
Ежелгі Рим шайыры Горацим «Сау кезінде жүгірмесең, ауырғанда әуре болуыңа тура келеді» деп өсиет қалдырған екен. Осы бір қанатты қағида өміршеңдігін ешқашан жоғалпайтыны заңдылық іспетті. Адамның өмірі қашанда қимыл қозғалыстан тұрады емес пе? Соның ішінде жүгірудің де алар орыны айрақша деп білеміз. Жүгірумен айналысатын адамның тұла бойы бірдей әрекет жасайды. Әсіресі, адамның ішкі құрлысына жүгірудің пайдалы екенін мамандар өткен ғасырда-ақ дәлелдеп берген.
Дене шынықтыру және спорт жаттығулары адам организмінің (дене мүшелері мен жүйелерініғ) өзара үйлесімді әрекетте болуын қамтамасыз етеді. Сырттан әсер ететін жағдайларға организмнің төзімділігін арттырады.
Дене шынықтыру және спорт жаттығулары организмді нығайту мақсатында орындалады. Соның нәтижесінде денеде мынандай сапалық өзгерістер іске асады:
сыртқы дене бітімі өзгеріп, әдемілене түседі,қимыл-қозғалыс жасау қабілеті артады, яғни дене икемді, епті бола түседі де, жасаған қимыл-қозғалыстары бір-бірімен өзара үйлесімді, сәнді болып шығады.
Дене шынықтыру және спорт жаттығуларының негізі бұлшық еттердің қимыл-қозғалыс жасауы болып табылады. Қажет деп есептелген қимыл-қозғалысты орындаған адамның көңіл- күйі ғана көтеріліп қоймай, оның бұлшық еттері сергіп, рақаттанатын болады. Дене шынықтыру және спорт жаттығуларын орындау адамның жан-жақты өсіп-жетілуіне қолайлы жағдай туғызады.
Жеңіл атлетика адамзат баласымен бірге жасап, бірге дамып келе жатқан спорттың ең көне түрі болып есептеледі.
Жеңіл атлетиканың жеткен жетістіктері қазіргі кезде басқа спорт түрлеріне үлкен ықпал тигізіп келеді. өйткені спорттың барлық түрлері де осы жеңіл атлетиканың жүру, жүгіру, секіру, лақтыру сияқты негізгі жаттығулары арқылы жетіліп, дамиды.
Жеңіл атлетикадан халқаралық жастары 1912 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Спорттық жүгіру
Жүгіру
Жеңіл атлетика
Секіру
Лақтыру
Қазақстанда жеңіл атлетика бойынша арнаулы үйірмелер 1916 жылы алғаш рет Семей қаласында құрылды.
Жеңіл атлетикамен шұғылдану үшін мына ережелерді білуі керек:
-қысқа қашықтыққа көп бала болып жүгіргенде әркім өз жолымен жүруі тиіс, әйтпесе олар жүгіріп келе жатқанда бір-бірімен соқтығысып қалуы мүмкін,
-алыс қашықтыққа баяу жүгіргенде өзгелермен сөйлесуге болмайды, себебі сөйлесіп жүріп уақыттан ұтылады,
-секіру жаттығуын орындамас бұрын секіріп түсетін жерге гимнастикалық төсеніштің дұрыс төселуін, далада болса, шұңқырдағы ағаш үгіндісінің дұрыс қопсытылғанын тексеріп алу керек,
-секірудің кез келген түрін ( үзындыққа секіру, биікттікке секіру) орындауды өзіңнен бұрын секіргшен бала төсеніштен немесе шұңқырдан толық шыққан соң ғана бастау керек,
-спорт құралдарын немесе допты мұғалімнің көрсеткен жағына қарай лақтыру керек. Бұрын лақтырылған құралдарды жинап алу кезінде еш нәрсе лақтыруға болмайды.
Ертедегі Греция жартастарының бірінен осыдан 2500 жылдай бұрын жазылған: «Егер күшті болғың келсе- жүгір, егер әдемі болғың келсе-жүгір» деген жазу табылған.
«Стадион» деген сөздің өзі гректің «стадия» деген сөзінен шыққан. «Стадия» шамамен «200 метр қашықтыққа жарыса жүгіру» дегенді білдіреді.
Дұрыс әрі ұзақ жүгіру үшін кеудені сәл еңкейтіп, екі шынтақты бүгіп, аяқтың аттау қозғалысына қарай екі қолы кезекпен сермеп жүгіру керек. Жүгіру кезінде саусақтарды сәл бүгіп, басты сәл еңкейтіп ұстаған дұрас.
Шапшаң жүгіру үшін аяқты тез-тез қозғап, кең адымдап жүгіру керек.
Шапшаң жүгіру адымды кең ашып жүгіруге байланысты болады. Адымды барынша кең ашып жүгірген адам жүгіріп өтуге тиіс қашықтықты берілген уақытта жүгіріп шығады. Адым кең ашылмаса, қанша тез жүгіргенмен, уақыт жағынан ұтылады. Яғни белгілі бір қашықтықты көрсетілген уақыт ішінде жүгіріп өте алмайды.
Сондай ақ жүгіруші адымын кең ашқанымен тез аттап жүгірмесе, ол жоғары көрсеткішке жете алмайды. Демек, шапшаң жүгіру үшін әрі кең адымдап, әрі тез аттап жүгіруі керек.