Жетісу,Екібастұз сөзіне "Қазақстанның көрікті жерлері" тақырыбына әңгіме құру Пожалусто...

0 голосов
181 просмотров

Жетісу,Екібастұз сөзіне "Қазақстанның көрікті жерлері"
тақырыбына әңгіме құру
Пожалусто
Заранее спасибо


Қазақ тiлi (14 баллов) | 181 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Екібастұз - Павлодар облысының оңтүстік-батысында орналасқан қала. 1898 жылы негізі қаланып, қала дәрежесін 1957 жылы алды.Осы өңірде тас көмір кені ашылғанға дейін, оның күншығыс жағында жатқан тұзды көл ерте заманнан бері «Екібастұз» деп мұрағаттық құжаттардан белгілі. Осыған байланысты кейін бұл жерден табылған тас көмір кені де, оның жанына орнаған қалашық пен қала да «Екібастұз» деп аталады.Екібастұз қаласы өзінің жастығына қарамастан теңдесі жоқ алып кәсіпорындарымен бүкіл әлемге танымал болып отыр. Қысқа ғана мерзім ішінде Қазақстанның «қара алтынды» жерінде пайда болған қала біздің замандастарымыз үшін аты аңызға айналған қала болып отыр. Тек қана Екібастұзда тұңғыш рет Қазақстанда көптеген алдыңғы қатарлы технология өмірге келді, жаңа үлгідегі құрал-жабдықтар зерттелді.Жетісу — тарихи-географиялық аймақ. Солтүстікте Балқаш, солтүстік-шығысында Сасықкөл мен Алакөл, шығыста Жетісу (Жоңғар) Алатауы, оңтүстік және оңтүстік-батысында Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Тарихи деректер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше пікір бар. А.К. Гейнс бұлардың қатарына Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендерін жатқызса, А.Влангали Басқан, Сарқан өзендерінің орнына солтүстік-шығыстағы Аягөз, оңтүстік-шығыстағы Іле өзендерін атайды. В.В. Бартольдтың айтуынша, алғашқыда жергілікті халық Жетісу деп Іледен солтүстікке қарай созылған аймақты атаған, оған Лепсі, Басқан, Ақсу, Бүйен, Қызылағаш, Қаратал, Көксу өзендері енген. Ал Жетісу Іленің оңтүстігіне қарай созылған таулы аймақ деген ұғым 19 ғ-да тарап, сондай-ақ, оған Тянь-Шаньнің солтүстік-батыс және орталық аудандары да қосылатын болған. Тарихи әдебиетте Жетісу ұғымына Шу алабы мен Нарын өзенінің жоғарғы ағысын қамтитын атырап та кірген

(109 баллов)
0

желіден бəрін көшіріп алғансыз

0

ия