Біз өткен сабақта компьютер және оның құрылғылары жайлы өткен болатынбыз. Егер де адам компьютердің алдында ұзақ отырса көзі ауырады. Сол үшін компьютердің қасына қандай өсімдікті немесе гүлді қоямыз? (кактус)
Бұл кактус гүлі адамның денсаулығын сақтайды. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы гүлдерге байланысты болғандықтан «Менің сүйікті ісім - гүл өсіру».
Сабақтың мақсатын, барысын айту. Бүгін біз сабақта «Гүлдер әлеміне» аяхат жасаймыз.
І «Қызғалдақ» әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл қызғалдақ әлемінде бізге тапсырмалар беріледі. Кітаптағы сөздікпен 1- тапсырманы орындаймыз. Біз бүгін сабақта гүлдер әлеміне саяхат жасай отырып, ос ыәлемдегі берілген тапсырмаларды орындау арқылы гүлдер тереміз. Сосын сабағымыздың соңында сол терген гүлдер арқылы бағалаймыз.
І Сөздік жұмысы.
Жаңа сөздермен таныстыру.
Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
Мұғалім сабақ бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады. Оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады.
1-тапсырма. Дәптермен жұмыс.
Берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқып, аудару.
Гүл, әдемі гүл, көп гүл, менің гүлім, гүл өсіру, гүл суғару.
Гүл арқылы 1-тапсырманы бағалау.
Енді екінші «Раушан гүл әлеміне» саяхат жасаймыз. Бұл әлемде біз 2-тапсырманы орындаймыз. Берілген гүлдердің атауларымен таныстыру, орысша баламасын слайдтан көрсетіп түсіндіру. Осы гүлдердің ішіндегі өзіне ұнаған бір гүлдің суретін салып , сол жайлы түсінік береді.
Қызғалдақ - тюльпан
Раушан- роза
Қалампыр- гвоздика
Түймедақ- ромашка
Гүл арқылы 2-тапсырманы бағалау.
Енді «қалампыр әлеміне» саяхат жасаймыз. Бұл әлемде біз кеспе карточкасымен жұмыс жасаймыз. Тақтамен жұмыс. 3- тапсырманы орындаймыз. Мәтінмен жұмыс.
Гүл арқылы 3-тапсырманы бағалау.
Енді төртінші «түймедақ әлеміне» саяхат жасаймыз. Бұл әлемді біз 5 -тапсырманы және берілген сызбамен жұмыс жасаймыз. Сұрақ жауапты оқып, сөйлеп үйрену.
ҚЫЗҒАЛДАҚ
РАУШАН
ҚАЛАМПЫР
ТҮЙМЕДАҚ
САЯТ
БОЛАТ
ӘЛИЯ