Сократите текст. По максимуму если можно. VІ-ХII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда...

0 голосов
101 просмотров

Сократите текст. По максимуму если можно.
VІ-ХII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді.Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі Исфиджаб қазіргі Сайрам болды. Қазақстандағы Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі - Отырар.шығыс қалаларында монша басқа да қоғамдық құрылыстар қатарында көрнекті орын алды. Моншадан түсетін кіріс те мол болған, сондықтан жоғары тап өкілдері монша салуға немесе сатып алуға талпынған. Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады.VII ғасырда Тараз Ұлы Жібек жолындағы ірі мекенге айналды.Х-ХІІ ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған.Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-ернектер салынған. Сырдариядағы ірі кала Сығанақ. Казакстаның солтүстік мен солтүстік-шығысына баратын керуен жолдарының қиылысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды.


Қазақ тiлi (273 баллов) | 101 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

VI-XII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Ол кездегі ірі қалалар Батыс Түркістан жеріндегі Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб болатын. Бұл қалалар сауда, қолөнер, дін, мәдениет  тірегіне айналды. Қазақстан орта ғасырда өзінің қалаларынан Жібек жолы арқылы Еуропа, Азия елдерімен сауда жасап, байланысып отырда. Исфиджаб қазіргі Сайрам. Отырар Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қала болды. Шығыс қалаларында монша салу үрдіс болды, мұнан түсер табыс та мол болды. Белгілі ортағасырлық қалалардың бірі Тараз. Ол деректер бойынша 568 жылдан осылай аталады.  Мұнда Айша Бибінің үлкен күмбезі бар. Тағы бір ірі қала Сығанақ. Керуен жолдарының қиылысында орналасқан . XII ғасырда ол Қыпшақ бірлестігінің орталығы болды.

(126k баллов)