Менің сүйікті пәнім -қазақ тілі. Себебі, қазақ тілі сабағы өте қызықты
өтеді. Әр сабақта біз әртүрлі қызықты да көңілді тақырыптар өтеміз.
Маған ең ұнайтын тақырып - "Төл сөз бен төлеу сөз" . Біз әр қырық бес
минутта көптеген жаттығулар жасап үйренеміз. Мен әр сынақтан сүрінбей
өтіп , ылғида кілең бестік аламын. Маған Кенжекуль Санакбаевна апай өте
қатты ұнайды. Ол кісі әрбір сабағын керемет құштарлықпен өткізеді . Біз
оны ұйып тыңдап, сабақтың қалай өткенін білмей де қаламыз.Бір сөзбен
айтқанда қазақ тілі пәні өте қызықты әрі керемет пән!