Арыстан туралы ертегі құрау

0 голосов
179 просмотров

Арыстан туралы ертегі құрау


Қазақ тiлi (12 баллов) | 179 просмотров
0

Арыстан туралы ертегі құрау помогите пжл

Дано ответов: 2
0 голосов

Ертеде бір арыстан болыпты.Ол көп жыл тақта отырыпты.Кейін ол кайтыс болыптф

(111 баллов)
0 голосов

Ерте ерте ертеде орман патшасы арыстан тоғайдың қалың беделінде ұйықтап жатады. Бір тышқан ойнақтап, үстінен жорғалап жүргенін сезіпті. Арыстан
ұйқысынан ызаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өлтірмекші болғанда тышқан жалбарынып:
— Тақсыр, мені өлтірмеңізші, бір жолға кешіре көріңіз. Бір күні мен де бір қызметіңізге жарармын, — депті.
     Арыстан оның сөзіне күліп:
— Сен өзің кішкентай бір тышқансың, менің қандай қызметіме жарамақсың,- деп жаны ашып, тышқанды қоя беріпті. Тышқан байғұс қуанып, «арыстан досым»,- деп, жүгіріп ойнап кете беріпті.
     Күндердің күнінде арыстан жортып ойнап жүріп, аңшылардың құрған тұзағына түсіп қалыпты. Шарқ ұрып тыпырлап, ақырып-бақырып жатса да тұзақтан құтыла алмапты.
   Сол жерден өтіп бара жатқан тышқан арыстанның бұл халін көріп, қасына келіп қарап тұрса, сонда арыстан тышқанға қарап:
— Лажың бар ма бұған қылар? – депті. Тышқан дереу тістерімен тұзақтың жіптерін кеміріп қиып кеп жіберіп, арыстанды тұзақтан құтқарыпты. Тышқан арыстанға:
— Мені кішкентайсың,- деп мән бермеуші едің. Міне сені бір ажалдан алып қалдым, — депті. Осылайша арыстан жасалған жақсылықтың қайтарымы болатынын жақсы түсініпті.

(22 баллов)