Реферат ** тему Бесик той

0 голосов
155 просмотров

Реферат на тему Бесик той


История (40 баллов) | 155 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
29.04.2013, 11:26Бесік той бала қырқынан шыққасын жасалынады. Ал бүгіндері бұл мереке ба­ла қырқынан шыққан күні де өткізіліп жүр. Бесік той­ға нәрестенің өз жұрты, на­ғашы жұрты, алыс-жақын аға­йындары, көрші-қолаң, ет­жақын достар жиналады. Қо­нақтар өздерінің шамасына қарай сыйлық, пұл және тойдың шашуы ретінде тәтті-тұрым ала келеді. Үлкен кісілер той дастарқанына отырмас бұрын ақ батасын береді.Жас нәрестенің қуанышына жайылған дастарқанға ішім­дік қойылмайды. Әркім шын көңілімен ақтарыла із­гі тілектерін арнайды. Ән мен жырға кезек беріліп, түр­лі ойындар ойналады. «Той­бастар» айтылады. Үлкендер ұлағатты әңгімелер тізгінін ағытады. Қарт әжелер ба­ла тәрбиесіне, күтіміне бай­ла­нысты ақыл-кеңестер айтады. Мәселен, нәрестені қандай суда қанша рет шомылдыру керек, қандай маймен қалай сылау керек сияқты сауалдардың жа­уабын айта отырса оның пайдасы, әрине зор болмақ.Ас ішіліп болған соң, ба­ланы бесікке бөлеу рәсімі орындалады. Біріншіден бесік­ті адыраспанмен аластайды. Бұл рәсім кезінде діни ұғымға байланысты бесік пәле-жа­ла­дан, жын-шайтаннан тазар­ты­­­­­­лады деген ойдан туған. Екіншіден, ол гигиеналық тұрғыдан да пай­дасы бар. Адыраспан түтіні түрлі вирустық аурулар ту­ғызатын микробтарды жояды.Нәрестені бесіккке бала өсірген тәжірибелі келіншек, немесе көпбалалы аналардың бірі салады. Қазақ өзінің жақ­сылығын қашанда ізгі ниетті адамның жақсылығымен жұ­ғысты болсын деп тілейді.Сонымен, бесікке салушы бесіктің барлық жабдықтарын өзіне ыңғайлы етіп дайындап алғасын, келген қонақтарды ша­қырып отырғызады. Шашу­ға әзірленген құрт, май, кәм­пит, ежігей, бауырсақ, қант, күміс ақшаны уыстап бесіктің түбегінен төмен шығарып тас­­тағанда әйелдер қауымы қолын тоса қалып, содан алуға тырысады. Шашу үлестірілген соң бесікті отпен аластауда:Бесікті аластау
Алас, алас, баладан алас,
Иесі келді, пәлесі көш!
Алас, алас, бәледен алас,
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!
Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас!
Алас, алас, аласы,
Келді, міне, баласы.
Көш, көш, пәлесі,
Келді, міне, егесі.
Аталарың ақырса, одан қорықпа,
Аналарың, ағаларың шақырса,
одан қорықпа,
Ойнақтаған лақтан қорықпа,
Сылдыраған бұлақтан қорықпа.
Тулаған тайдан,
Қуалаған ботадан қорықпа!
Маң төбеттей ұйқылы бол,
Түлкінің баласындай күлкілі бол.
Алас, алас, аласы,
Келді, міне, баласы.
Ұйықтап дем алсын,
Қунап оянсын!
 деген си­яқты сөздер айтылады.
Содан соң бесіктің арқа­лығына бірнеше жерден темір­мен   қарып белгі салады. Әже­лер қырандай көреген болсын деп бесіктің арқалығына бүр­кіттің тұяғын байлайды, жын-шайтаннан, көзден сақтасын деп тұмар жаздыртып тағады. Сұлу болсын деп басына ай­на, тарақ жастайды. Баланы бесікке бөлегесін даусы жақсы бір келіншек бесік жырын баяу дауыспен айтса, тіптен жарасымды. Тойды ұзаққа соз­баған жөн. Жас нәрестеге көпшіліктің назарын көп ау­дартпаған дұрыс. Той соңында үлкендер батасын беріп, тойдан сарқыттарын алып үйлеріне тарасады. Бесікке бөлеген әйел­дерге білезік, сақина, жү­зік үлестіріледі. Ал бесікке салған кісіге бір көйлектік мата беріледі.

(186 баллов)
0

спасибо чувак выручил

0

Мне надо на руссуом