Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова өз келешегін тек спортпен бірге ғана елестететінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Сонымен бірге, ол Қазақстанда қыздардың бәрінің сұлу екенін мәлімдеді.
Tengrinews TV-ге берген сұхбатында спортшы модель бизнесіне кетуді армандамайтынын ашып айтты. Ол волейбол құрамасы сапында ойнай беруді және ел волейболының деңгейін көтеруді қалайды. Сабина өз табынушыларына көңіл аудармауды ұйғарған. Ол өзіне не себепті қызығушылықтың артып кеткенін түсіне алар емес. Қыз "Қазақстанда қыздардың бәрі сұлу, бәрі әдемі" деп жауап берді.