Помогите очень срочно надо!!! нужно выполнить 2- тапсырма Қазақстан Республикасындағы...

0 голосов
106 просмотров

Помогите очень срочно надо!!! нужно выполнить 2- тапсырма
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі

Оқу-ағарту жұмысы Қазақстанда ерте заманнан басталған. Орта ғасырдың өзінде көптеген медреселер мен мектептер жұмыс істеген
Республиканың білім беру жүйесі өзара тығыз байланысты бірнеше баспалдақтан тұрады: балабақша, жалпы білім беретін мектеп, кәсіби-техникалық училище, арнаулы орта және жоғары оқу орындары, мектептен тыс мекемелер, дипломнан кейінгі білім (магистратура, докторантура), әр түрлі мамандықтар бойынша жетілдіру курстары.

1999 жылы маусымның 7-сінде қабылданған Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында көрсетілгендей, жалпы білім беру қазіргі кезеңде үш бастапқы мектеп деңгейінде : бастауыш (1-4 сыныптар), толық емес орта (5-9 сыныптар) және толық орта (10-11 сыныптар) болып сатылай жүзеге асырылуда1-ші және 2-ші сатылы білім міндетті. Ал 3-ші сатыны жалпы білім беретін күндізгі немесе кешкі мектептерде, кәсіби-техникалық, арнаулы орта білім беретін оқу орындарында жалғастыруға болады. Орта білім алудың қазіргі кезде жаңа түрлері: белгілі бір пән тереңдетіліп оқытылатын мектептер, гимназия, лицейлер, жеке меншік мектептер көптеп пайда болуда. Қазіргі білім беру міндеттері: жеке адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, ұлттық мәдениеттің озық үлгілерін насихаттау, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу.
2- тапсырма : Қазақстан Республикасындағы білім деген мәтіннен бірнеше зат есімді теріп , септік жалғауын анықтандар.


Қазақ тiлi (2.9k баллов) | 106 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

1)медресе
Медресенің
медресеге
медресені
медреседе
медреседен
медресемен
2)Гимназия
гимназияның
гимназияға
гимназияны
гимназияда
гимназиядан
гимназиямен
3)адамгершілік
адамгершіліктің
адамгершілікее
адамгершілікті
адамгершілікте
адамгершіліктен
адамгершілікпен

(176 баллов)