Срочно! Напишите пожалуйста сочинение ** казахском языке, ** тему "Правильное питание",...

0 голосов
42 просмотров

Срочно! Напишите пожалуйста сочинение на казахском языке, на тему "Правильное питание", желательно с переводом. Даю 15 баллов!!!


Қазақ тiлi (82 баллов) | 42 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Дұрыс тамақтану үшін әрқайсымыздың аспаз болуымыз міндетті емес. Тағамның дәмді, дәмсізін ажыратудан бөлек, пайдалы не зиянын таба білу үшін орасан білімнің қажеті шамалы. Тек бірнеше қарапайым қағидаларды жаттап алсаңыз болғаны. Бүгінгі әңгімеміз осы қағидалар турасында өрбімек. Көбіміз таңғы ас пен кешкі асты үйден ішкенімізбен, түскі асты көбіне сырттан (асханадан) ішеміз. Қандай жағдайда да, әрқайсымыздың өз мәзірімізді біліп жүргеніміз жөн. Күндізгі тамақтану адамның қанша күш жұмсайтынына байланысты болуы керек. Егер жұмыстың басым бөлігі түске дейінгі мерзімге түссе, таңғы ас пен түскі асқа баса мән беріңіз. Ақуызы көп тағамдар зат алмасу үрдісін жүргізетін мүшелердің қызметін күшейтеді. Ұйқы кезінде ас ақырын қорытылады, сондықтан ұйықтар алдында тойып тамақтанбау керек. Ұйқыға жатардан үш-төрт сағат бұрын тамақтанған дұрыс. Тәбет (ашығуды сезіну) – сау ағзаның белгісі. Бұл жерде жүйке жүйесі маңызды рөл атқарады. Ескеретін бір жайт, таза, жылы бөлмеде әдемі әзірленген тағам тәбетті ашса, лас, тұрып қалған ас-ауқат тәбетті жауып қана қоймай, ағзаға белгілі мөлшерде зиянын тигізеді.



(372 баллов)