ТЕСТ СРОЧНО ПО КАЗАХСКОМУ ЯЗЫКУ

0 голосов
328 просмотров

ТЕСТ СРОЧНО ПО КАЗАХСКОМУ ЯЗЫКУ


image

Қазақ тiлi (12 баллов) | 328 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Дара бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз. 
A) Талаптыға нұр жауар. 
B) Еңбек түбі – береке. 
C) Үш салт атты жүріп келеді. 
D) Шу өңірі өнімді мол береді. 
E) Сегіз қырлы, бір сырлы. 
Дұрыс жауап: A

Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінетінін көрсетіңіз. 
A) 3. 
B) 2. 
C) 4. 
D) 1. 
E) 5. 
Дұрыс жауап: A

Жасырын тұрған бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз. 
A) Ол жығылып қалды. 
B) Табиғат – біздің досымыз. 
C) Марат күліп жіберді. 
D) Еңбек етсең, есейерсің. 
E) Ол тыңдағанды жақсы көреді. 
Дұрыс жауап: D

Бастауыш қызметін атқарып тұрған сан есімді көрсетіңіз. 
A) Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар. 
B) Сабақты екеулеп оқыды. 
C) Қызыл шұбары – он үш. 
D) Отыз – онға бөлінеді. 
E) Сексенді екіге бөл. 
Дұрыс жауап: D 

Бастауыш қай сөз табынан екенін анықтаңыз. 
Кейбіреулері сәл тоқтады. 
A) Зат есім. 
B) Сын есім. 
C) Есімдік. 
D) Етістік. 
E) Одағай. 
Дұрыс жауап: C

Бастауыш қызметін атқарып тұрған етістікті көрсетіңіз. 
A) Бұл – Еркебұлан сөзі. 
B) Кешікпей Абайлар да аттанды. 
C) Келгендер – осы ауылдың адамдары. 
D) Орамалың бар ма? 
E) “Тұр орныңнан,” – деп әмір етті. 
Дұрыс жауап: C

Бастауыш қызметіндегі есімшені табыңыз. 
A) Ол – күлдіргі бала. 
B) Оқыған озады. 
C) Мақсат ән айтты. 
D) Армансыз адам болмайды. 
E) Арманға жету керек. 
Дұрыс жауап: B

Есімдіктен болып тұрған бастауышты анықтаңыз. 
A) Маған сыйлық әкелді. 
B) Мен еңбекті бағалаймын. 
C) Ана сүтін ардақта. 
D) Оның төрттен бірін ал. 
E) Сыйлық бәріне жетті. 
Дұрыс жауап: B

Үйірлі бастауышты табыңыз. 
A) Омар және Арман қырман басында жүр. 
B) Күле беру – ыңғайсыз. 
C) Жұмысы жоқтық аздырар адам баласың. 
D) Өзіміз де жүргелі отырмыз. 
E) Тыңдау – мәдениеттілік белгісі. 
Дұрыс жауап: C

Жалпылау есімдігінен болған бастауышты табыңыз. 
A) Бәріміз уәдені орындадық. 
B) Жата-жастана айтарсыз. 
C) Мен ертең келемін. 
D) Қашан келесіңдер? 
E) Біз тез келдік. 
Дұрыс жауап: A

Жалқы есімнен болған бастауышты белгілеңіз. 
A) Жиырма – тақ сан. 
B) Сара қуанды. 
C) Ол сүрініп кетті. 
D) Поезд уақытында келді. 
E) Орындық әкеленді. 
Дұрыс жауап: B

Үйірлі бастауышты көрсетіңіз. 
A) Омар және Арман қырман басында жүр. 
B) Күле беру – ыңғайсыз. 
C) Билеті барлар орындарына жайғасты. 
D) Өзіміз де жүргелі отырмыз. 
E) Тыңдау – мәдениеттілік белгісі. 
Дұрыс жауап: C

Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді белгілеңіз. 
A) Атың әдемі екен. 
B) Оның өзі шеткерірек тұр екен. 
C) Көп ұзамай жауын басылды. 
D) Өңі алабұрта күрең тартқан. 
E) Бүгін сабақта Әмір жоқ. 
Дұрыс жауап: A

Үйірлі баяндауышты белгілеңіз. 
Есті адамдарда бар қасиет – уайым жеу. 
A) Есті. 
B) Адамдарда. 
C) Бар. 
D) Қасиет. 
E) Уайым жеу. 
Дұрыс жауап: Е

Зат есімнен болған баяндауышты көрсетіңіз. 
Сендер өмірдегі ең бақытты адамсыңдар. 
A) Сендер. 
B) Өмірдегі. 
C) Ең. 
D) Бақытты. 
E) Адамсыңдар. 
Дұрыс жауап: Е

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны белгілеңіз. 
A) Еңбек - өмір рахаты. 
B) Олар бір-бірлеп келе бастады. 
C) Үйде екі-ақ адам отыр. 
D) Телефон-автомат бұзылып қалыпты. 
E) Ол мәселені шешіп кетті. 
Дұрыс жауап: А

(18 баллов)
0 голосов

1- с
2- е
3-
4- в
5-
6-д
7-с
8-с
9-
10- в
11-е

(731 баллов)