Шығарма судың адам ағзасына пайдасы

0 голосов
168 просмотров

Шығарма судың адам ағзасына пайдасы


Қазақ тiлi (20 баллов) | 168 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Судың пайдасы қандай?

Су – тіршілік нәрі. Ғалымдардың айтуынша, адам организмі 86 пайыз судан тұрады екен. Егер организмде судың мөлшері азайса, онда адам әртүрлі ауаруға шалдығады.
Адам организмі бір тәулікте шамамен 1,5-2 литр су жоғалтады. Сондықтан адам күніне сонша су ішіп отыруы қажет.

Таңертең аш қарынға су ішуді әдетке айналдырған дұрыс.

Мидан бастап асқазанға дейін денедегі бүкіл мүшелердің су қажеттілігі бар. Сондықтан мол су ішіп денедегі су жетіспеушілігінің алдын алу керек. Кафеинсіз кофе, шай немесе шекерсіз табиғи сусындар, сумен араласқан жеміс шырындары және басым бөлігі судан тұратын қарбыз сияқты өнімдер де құрамында карбонгидрат немесе тұз мөлшері көп болмаса су орнына өтеді. Кафеинді шай, кофе, кола секілді сусындар денедегі су жетіспеушілігін одан да арттыратындығы үшін қосымша тағы су ішу керек.
Судың денеге пайдалары:

Дене температурасын тұрақтандырады.

Азық, қалдық және оттегі тасымалдайды.

Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалайды.

Витамин және минералдардың тарауын қамтамасыз етеді.

Денені жарақаттанудан қорғайды.

Клеткалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз етеді.

Тері клеткаларын ылғалдандырады және сауықтырады.

Ас қорытуда жоғарыдан төмен қарай ретімен астың қорытылуынан сіңірілуіне және де ең соңында қалдықтардың шығуына дейін судың міндеті орасан зор.

Денеде болатын күніне 2-4 литр су шығынының орнын қайта толтырып тұру қажет. Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83%, бұлшық еттердің 75%, мидың 74%, сүйектердің 22% судан тұрады. Денеде 20% су жетіспеушілігі болуы өте қауіпті және өлімге дейін жетелейді.

Қажетті мөлшерде су ішпеген жағдайда:

Мидың жұмыс істеуі баяулайды.

Қан қоюланады.

Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады.

Нәжіс сары түсті болады.

Іш қатуына(запор) себеп болады.

Су жетіспеген жағдайда мыналар болады:

Бас ауруы.

Бас айналуы.

Шаршау және әлсіздік.

Ойдың тынықтығы бұзылады.

Тәбетсіздік.

Биік жерлерде, ауа ыстық және нәмді болса, грип немесе температура болған кезде тұтынатын су мөлшері көбірек болуы керек.

(123 баллов)