Сочинение ** казахском языке про антарктиду

0 голосов
42 просмотров

Сочинение на казахском языке про антарктиду


Қазақ тiлi (16 баллов) | 42 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Антарктида — Жер шарының оңтүстік полюсі саналатын құрлық. Жерінің аумағы 12,3 млн. км², ал қайраңдық мұздықтар мен аралдарды қосқанда 14,0 млн. км²-ге жетеді. Жерінің 99%-ын қалың мұз басып жатыр. Оның жалпы көлемі 26 млн. кm³. Антарктида – дүние жүзіндегі ең биік құрлық. Оның мұз жамылғысымен қоса есептегендегі орташа биіктігі 2040 м, яғни барлық құрлықтардың орташа биіктігінен (870 м) 3 есе артық. Құрлықтың жағалық сызығы онша тілімденбеген, оның құрамына бір ғана үлкен түбек – Антарктида түбегі мен бірнеше іргелес аралдар – Александр І жері, Оңтүстік Шетланд, Георгия және Оркней, Беллени кіреді. Құрлықтың жағалауын Оңтүстік мұхит сулары мен Уэдделл, Беллинсгаузен, Амундсен, Росс, Ғарышкерлер, т.б. теңіздері шайып жатыр. Антарктида құрылығының негізін абсолюттік жасы 1,6 млрд. жыл болатын гондваналық платформа түзеді, басым бөлігі архей эрасындағы гнейс, кристалды жақпар тас, граниттерден құралған. Жыныстардың ірге тастарының қалыңдығы 20 км-ге жетеді. Антарктида платформасы өзінің геологиялық құрылымы мен жыныстарының құрамы жағынан Бразилия, Австралия, Экваторлық және Оңтүстік Африка, Үндістан платформаларына өте ұқсас. Ол төменгі және жоғарғы палеозойлық құрылымдары есебінен көлемі ұлғайып, батыстағы Антарктида түбегін алып жатқан мезо-кайнозойлық Анд қатпарлы жүйесінің жалғасы болып табылатын жас қатпарлы құрылымдарға ұласады. Олардың іргетасының өте күшті өзгеріске ұшыраған құрлықтық шөгінді жыныстардан құралғандығы осы аймақта жер қыртысының құрлықтық типінің дамығандығына дәлел болады. Ондағы жер қыртысының орташа қалыңдығы 40 км.

Антарктиданың қазіргі жер бедерінің қалыптасуы жаңа жанартаулық атқылаулар нәтижесінде жүруде. Жанартаулық тауларға Эребус (3794 м), Террор (3262 м) жатады.

Жер бедері ерекшелігіне байланысты Батыс Антарктида және Шығыс Антарктида болып екіге бөледі. Оларды жан-жағынан жағалаулық және ішкі құрлықтық белдеу қоршай орналасқан. Жағалаулық тау белдеуі бірнеше ірі тау жоталарынан тұрады. Оларға Голицин, Принц-Чарльз, Эндерби тау сілемдері, Королева Мод жері мен Трансантарктида таулары, Пенсакол, Шеклтон таулары жатады. Таулардың орташа биіктігі 1200 – 2500 м, абсолюттік биіктігі 3500 – 4000 м-ге жетеді. Ішкі құрлықтық тау белдеуіне Гамбурцев тауы (абсолюттік биіктігі 3550 м) жатады. Шығыс Антарктиданың теңіз деңгейінен жоғары орналасқан бөлігінің орташа биіктігі 690 м, ал оның теңіз деңгейінен төмен жатқан бөлігінің орташа ойыстығы 460 м. Батыс Антарктида жерінің 80%-дан астамы мұз айдынында өте қатты ойысқан ойпаңдар. Оның орташа тереңдігі – 700 м. Қалған 20%-ына дөңес таулы жер бедері тән. Яғни Батыс Антарктиданың жер бедері шығыспен салыстырғанда өте қатты тілімденген. Құрлықтың ең биік нүктесі Элсуорт тауындағы Винсон тау сілемі (5140 м), теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жер – Бентли ойысы. Алқапты кең жазықтардағы құрлықтың қайраңдық мұздықтары Антарктида жерінің 12%-дай жерін алып жатыр.Антарктида (гр. ἀνταρκτικός — Арктикаға керісі) — Оңтүстік поляр аймағының орталығындағы материк. Көлемі 14 млн шаршы км шамасындай. Антарктида Атлант, Үнді және Тынық мұхиттарымен қоршалган. Антарктиданы 1820 ж. орыстың саяхатшылары Беллинсгаузен мен Лазарев бірінші рет ашқан. Антарктиданы түгелдей қалың мұз басып жатады. Оның орташа қалыңдығы - 1500 м шамасындай, ал ең қалыңы - 4000 м. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі теңізге таяу жерде ұшырасады.Бұл - Жер шарымыздағы 6 материктың бірі.Ол Қиыр оңтүстікте түгелдей мұз құрсанып жатыр.
Көршілес аралдардағы мұздықтармен қосып есептегендегі олардың жалпы ауданы 1,65 млн. км². Қайраңдық мұздықтардың 83%-ы Батыс Антарктидада, олардың ең ірілері – Росс және Ронне-Фильхнер мұздықтары. Мұздықтардың шеткі бөлігі көп жағдайда үзіліп түсіп, мұзтауларға айналып, мұхит суында оншақты жылдар бойы қалқып жүреді. Антарктида таулары мен жағалаулық бөліктерінде жылжымалы мұздық түрі кездеседі, оның ең ірісі – Ламберт мұздығы (ұзындығы 700 км, ені 30 – 40 км). Антарктида – жер шарындағы мұздық пішіндердің барлық түрінің шоғырланған аймағы, мұнда тек жер асты мұздануы мен мәңгі тоңның үлес салмағы аз. Жер шарының басқа құрлықтарындағы тұщы су қоры 2 млн. км3 болса, Антарктидадағы тұщы су қоры 26 млн. км3. Құрлықтың мұз баспаған жерлерінің, яғни шұраттың (оазис) жалпы ауданы 2500 км². Олар көбіне жағалаулық бөліктерде теңіз деңгейінен 100 м биіктікте орналасқан, ең ірілері – Бангер, Вестфолль, Грирсон, Ширмахер. Сонымен қатар Виктория жері (4000 км²) мен Александр І жері (400 км²) сияқты биік таулық шұраттар да кездеседі.

(46 баллов)