Мұхтар Əуезов туралы мəлімет

0 голосов
82 просмотров

Мұхтар Əуезов туралы мəлімет


Литература (32 баллов) | 82 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Туған күні

1897 жыл, 28 қыркүйек

Туған жері

Шыңғыс болысы, Семей уезі, Семей облысы, Ресей империясы (қазіргі кезде - Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан)

Қайтыс болған күні

1961 жыл, 27 маусым (63 жас)

Қайтыс болған жері

Мәскеу, КСРО

Азаматтығы

 Ресей империясы → КСРО

Ұлты

қазақ

Мансабы

прозаик, ақын, драматург, жазушы және ғалым

Бағыты

социалистік реализм

Жанры

роман

Шығармалардың тілі

қазақша

Марапаттары



Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).[1]

Өмірбаяны

Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысыныңАбай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.

Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.



Мұхтар Омарханұлы Әуезов құрметіне шығарылған марка

Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылы 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Жүсіпбек Аймауытовпен бірлесіп, Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады

(126 баллов)