Уефа сөзінің мағынасы

0 голосов
95 просмотров

Уефа сөзінің мағынасы


Қазақ тiлi (14 баллов) | 95 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

УЕФА (ағылш. Union of European Football Associations — Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы) — Еуропа мен бірнеше Азия футболының әкімшілік және меңгерушілік ұйымы. Ол Еуропа елдерінің футбол қауымдасытықтарын біріктіреді. УЕФА барлық Еуропаның клубтық және кұрама жарыстарының ұйымдастырушысы.

УЕФА - ФИФА ұжымына кіретін 6 континенттік аймақтың бірі және ең байы. Әлемнің барлық дерлік футболшылары осы Еуропада ойнайды, өйткені ең көп еңбек ақы төлейтін осы Еуропа командалары. Әсіресе Англия, Испания, Италия, Германия елдерінде көп табысқа жетуге болады. Және де әлемнің ең мықты ұлттық құрамалырының көбісі де осы УЕФАда. Мысалға 2010 жылғы әлем чемпионатына УЕФАдан 13 құрама қатысты.

УЕФА 1954 жылы маусымның 15-і күні Швейцарияның Базель қаласында құрылды.Алғашында УЕФАға 25 ел кірген. Қазір оның саны 55-ке жетті. 1959 жылға дейін УЕФАның штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан, Берн қаласына ауысып кетті. 1955 жылдан бері УЕФАның штаб-пәтері болып Ньон қаласы саналады. УЕФАның алғашқы президенті болып Эббе Шварц сайланды.

(99 баллов)