Өзін-өзі тану пәні маған ұнайды. Себебі, ол бізді өзімізді тәртіпті ұстауға көмектеседі. Өзін-өзі тану сабағында, әсіресе тыныштық сәті ұнайды. Өзін-өзі тану пәнінен мен обал мен сауапты, еңбек етуді, улкенге құрмет, кішіге ізет етуді үйрендім. Ең бастысы жалқау болмауды үйрендім.
Жекенова Мөлдір 5«а» сынып,С.Шарипов ат/ғы мектеп-интернаты, Атырау облысы
Өзін-өзі тану пәні маған 100 пайыз ұнайды. Өйткені, ол пән нашар адамды жақсы болуға үйретеді. Өзін-өзі тану сабағында біз емін-еркін әңгімелесіп, болашағымыз туралы айтып, бүкіл сырымызды ақтарамыз. Сол себептен де маған бұл пән қатты ұнайды.
Жұмабай Бағытжан 5«а» сынып, С.Шарипов ат/ғы мектеп-интернаты, Атырау облысы
***
Маған өзін-өзі тану пәні қатты ұнайды. Бұл пән арқылы біз өз-өзімізді тани білеміз. Сабақта тыныштық сәті өтіледі. Керемет, мен тыныштық сәтінен кейін жақсы бір сезімде боламын. Біз өзін-өзі тану сабағында әр түрлі тақырыптарда шығармалар жазамыз. Бұл пән бізге үлкенге құрмет, кішіге ізеттілікті үйретеді. Мен өз басым өзін-өзі тану сабағында керемет күй кешемін.
Комунарова Дильназ 5«а» сынып, С.Шарипов ат/ғы мектеп-интернаты, Атырау облысы
***
Өзін-өзі тану пәні өте жақсы сабақ. Мен өзін-өзі тану сабағын жақсы көремін. Әсіресе, тыныштық сәті маған қатты ұнайды. Өзін-өзі тану пәні арқылы мен дүниені танып келемін.
Қалыбай Фариза 5«а» сынып, С.Шарипов ат/ғы мектеп-интернаты, Атырау облысы
***
Өзін-өзі тану пәні маған қатты ұнайтын пәнімнің бірі. Өзін-өзі тану сабағынан мен адамгершілікті, мейірімді, қамқоршы, еңбек сүйгіш болуды және т.б. жақсы, жағымды қасиеттерді үйрендім. Маған өзін-өзі тану сабағының барысындағы тыныштық сәті қатты ұнайды. Өзін-өзі тану сабағы басқа пәндерге қарағанда өзгеше. Себебі, өзін-өзі тану сабағында біз өзіндік пікірлерімізді ашық айта аламыз. Айтылған пікірлерді ешкім дұрыс, бұрыс деп сөкпейді. Мен өзін-өзі тану сабағынан көп нәрсені үйрендім, түйдім. Сөйлеу әдептері, жан сұлулығы деген тақырыптар маған ерекше ұнады. Сабақта біз көптеген шығармашылық жұмыстар орындадық. Мен өзін-өзі тану пәнін қатты ұнатамын. Өйткені, мен тыныштық сәтінен өте тамаша әсер аламын.
Аманжанқызы Жайна 5«а» сынып, С.Шарипов ат/ғы мектеп-интернаты, Атырау облысы
***
Өзін-өзі тану пәні – ол өз-өзіңді танып, білу үшін жүргізілетін пән. Ол пән адамды инабатты, тәрбиелі, тәртіпті болуға үйретеді. Маған бұл пән ұнайды. Өйткені, ол басқа пәндерден ерекше. Бұл сабақ басталғанда бірінші тыныштық сәтімен басталады. Мен осы пән арқылы инабатты, тәрбиелі болып келе жатырмын. Өзін-өзі тану сабағында, өткен жолы біз «Менің арманым» тақырыбында шығарма жазған болатынбыз. Мен сол шығармамда өз арманымды жазған болатынмын. Мен болашақта балалар дәрігері болуды армандаймын. Өйткені, мен балаларды қатты жақсы көремін, олардың ауырғанын қаламаймын. Осы арманымның жүзеге асуына осы пәннің тигізер ықпалы зор деп ойлаймын.
Орынбасарқызы Ақарал 5«а» сынып, С.Шарипов ат/ғы мектеп-интернаты, Атырау облысы
Өзін-өзі тану пәні маған қатты ұнайтын пәндердің бірі. Мұғалімде бізге жақсылық жасауды, әдепті болуды үйретеді. Маған өзін-өзі тану пәнінің ұнайтын тағы бір себебі, онда тыныштық сәті өткізіледі. Ол біздің ашулы күйімізді басады, тыныштандырады. Мұғалім біздің пікірімізді сұрайды. Әр оқушы өз пікірін емін-еркін, ашық айтады. Мен өзін-өзі тану пәнін шығарған Сара Алпысқызына алғысымды айтамын. Өзін-өзі тану сабағы өте керемет өтеді.
Жәнібекқызы Айкөркем 5«а» сынып, С.Шарипов ат/ғы мектеп-интернаты, Атырау облысы