Выпишите из текста 20 слов и напишите их перевод Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік...

0 голосов
86 просмотров

Выпишите из текста 20 слов и напишите их перевод
Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі дәрігер адам анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайдағы науқастан жиіркенбейтін, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан болуы. «Жедел жәрдем» мамандары тәуліктің кез келген мезетінде, кез келген қашықтықтағы науқасқа бастапқы диагнозды қойып, алғашқы медициналық көмекті көрсетіп, ауруханаға жеткізеді. Тез кәсіби жәрдем көрсетудің арқасында әл үстінде жатқан адамның өмірін сақтап қалады.
Дәрігер-терапевт науқастың талдамаларын алып, оған дұрыс диагноз қойып, оны толық емдеумен айналысады. Науқастың жағдайын күнделікті бақылап, қажетті емдік шараларды қолданады.. Дәрігер-хирург бас дәрігердің шешімі бойынша науқастарға түрлі дәрежедегі оталар жасап, әрі қарай да бақылап, қажетті ем қолданып, олардың толық сауығып кетуін қамтамасыз етеді. Шұғыл ота жасап, науқас өмірін аман алып қалу керек болғанда, дамыл таппай, күн-түн демей, жұмыс істейтін сәттер көп болады. Сондықтан хирургтің өзінің физикалық жағдайы осыған сәйкес болуы тиіс.


Қазақ тiлi (101 баллов) | 86 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Дәрігер - врач
Ота - операция
Шұғыл - срочный
Науқас - пациент, больной
Кәсіби - профессиональный
Жедел жәрдем - скорая помощь
Мамандық - профессия
Талдамалар - анализы
Қан - кровь
Жүйке - нервы
Шара - меры
Емдеу - лечить
Ем - лечение
Алғашқы медициналық көмек - первая медицинская помощь
Жиіркеніш - брезгливость
Өмір - жизнь
Жауапкершілік - ответственность
Шешім - решение
Немқұрайлы - безразличный
Қамтамасыз ету - обеспечить

(26 баллов)