"Жақсы сөз - жарым ырыс" шығарма

0 голосов
346 просмотров

"Жақсы сөз - жарым ырыс" шығарма


Қазақ тiлi (14 баллов) | 346 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Халқымыз «Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді. Жақсы ой болмаса жақсы сөз қайдан шықсын? Қазақ не нәрсе болса да ырымдап жақсылыққа жорып, болашаққа үлкен үміт артқан. Онысы құр талпыныс болмай, түбінде игі істер мен жақсы жаңалықтарға алып келген. Десек те адам жанының тек тәуір ойдан тұрмайтыны анық. Жаман ойлап, кері топшылап, күмән келтіргіштер де көптеп кездеседі. Қазіргі өркениетті ортамызда жақсылықтан гөрі жаманшылық басым болып барады. Сондықтан болар, адамның бір-біріне деген сенімі аз, қаупі басым. Осының бәрі ойлау жүйесіне байланысты. Ойдың күші жойқын. Бізді шыңға жетелеп, құрдымға да құлататын сол.

Шыр етіп өмірге келген кезімізден айналаны тануымыз алғашқы түйсіктен басталады. Ал түйсік уақыт өте келе ойлауға айналып, біздің таным шекарамызды кеңейтеді. Яғни, бала тілі шықпай жатып ойлай біледі. Соның негізінде адами танымы тереңдей түседі. Құбылыстарды миымызда сөз арқылы бейнелеуді ойлау дейміз. Адамның ойы әрқашан сөз арқылы білдіріледі. Ой сыртқы дүниені бейнелеу болса, сөз соны басқаларға жеткізуші. Адамның ойы әрқилы болады. Бірі жақсы, ал екіншісі керісінше болуы мүмкін. Ғалым­дардың зерттеуінше, адамның ойлаған ісі міндетті түрде іске асады. Бастысы, ойдың қандай екендігі. Адам өмірі тек бақытты күндерден тұрмайтыны белгілі. Шахмат тақтасы сияқты бiрде ақ, бiрде қара, күйзелiске толы күндер де бастан өтедi. Сол қиын уақытта жаман ойларға қатты берiлiп кетемiз. Бiр айналдырғанды шыр айналдырады да тiптi, тұңғиыққа құлап бара жатқандай боласың. Сананы сан түрлi жағымсыз ойлар қаптап, ұзақ уақытқа қиналысқа түсiп қаламыз. Адам қанша тырысқанымен жағымсыз ойдан құтылу қиын сияқты көрінеді, бірақ еңсені түсірмей, ақылмен іс ету керек. Өзіміздің табиғи болмы­сымыздан арланудың қажеті жоқ. Оны қалай болсын қабылдауға тиіспіз. Себебі, жаңбырдан соң әрқашан күн шығады. Сол сияқты мазасыз ойлардан арылсақ, артынша рахатына бөленеміз. Әйтпесе ол түбінде жамандыққа апаратыны анық. Кейде әлдекімге ренжіп, кек жайын да ойға аламыз. Ал біз соның соңы не боларын ойлап көрдік пе? Қорқынышты... Асығамын деп азапты өмірге ұрынудың қажеті жоқ. Ондай жағдайда ренжіген адамның ауыр сөздерін еске алмауға тырысқанымыз жөн-ау. Реніш неден басталды? Асықпай ұрыс-керістің мәнін түсініп, кінә кімнен екенін анықтап алған дұрыс.

(76 баллов)