«Бәйтерек» монументі
«Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі бір жүз екі метрлік металл құрамасынан, салмағы мың тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Монументтегі барлық дүние – төбесіндегі алтын күн, тоқсан жетіге метрлік биіктігі, және аспан әлемінің үш негізін кейіптейтін үш аймаққа бөлінген ішкі архитектурасы белгілі бір символды білдіреді. Әлемде бірінші рет диаметрі жиырма екі метрлік және салмағы үш жүз тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды. Қазақстан астанасында асқақтаған бұл «терек» жаңартулардың сәулеттік символы, тәуелсіз Қазақстан символы ретінде орын алады.
«Бәйтерек», «Астана – Бәйтерек» – Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Оның негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.