Менің сүйікті актрисам Әмина Өмірзақова. Ол кісі өз кейіпкерлерін жақсы сомдаған. Өз кейіпкерілерін қатты беріліп ойнағаны сонша, кино көріп емес, дәл өмірде араласып солардың ортасында жүргендей боласың. Ол ойнаған "Тақиялы періште" фильмі қандай керемет. Ол өзінің баласына жар іздейді. Ал, баласы ол таңдаған қыздарды ұнатпайды.
"Гауһартас" фильмінде де кейіпкері аяулы ана. Бұл фильмде отбасы құндылығын, ана мейрімін балаларына жеткізеді. Келініне де өзінің аналық махаббатын сыйлайды. Әмина Өмірзақова өнері ел есінде, ешқашан ұмтылмақ емес.