Пожалуйста, составьте диалог ** тему тамаша-табиғат. ** казахском языке. СРОЧНО!

0 голосов
107 просмотров

Пожалуйста, составьте диалог на тему тамаша-табиғат. На казахском языке. СРОЧНО!


Қазақ тiлi (466 баллов) | 107 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Табиғат – жаратылыстың ғажап туындысы. Табиғатта болып жатқан алуан түрлі оқиғалар желісі, алуан түрге енетін әуе кеңісі, қызыл-жасылды түзілген ағаштар жемісі бәрі-бәрі адам баласының таңдайын қағып, таңқалдыратыны сөзсіз. Міне, сондықтан да адам баласының табиғатты жырлауға шеберлігі, табиғатпен сырласатын көрегендігі осының айғағы. Қанша десек те, табиғаттың күйін, әсем формасын, қазынаға толы қоймасын көрсек жанымыз тойғысыз, жырласақ, айтсақ та тіл жеткісіз. Тылсым табиғаттың құпия сырларына үңіле түсіп, суға құмары қанған сиырдай қаныққан сайын оның құпиялылығы толассыз ілгері жылжи береді. Онымен қоса беймәлім сырлары ашылып, құмар ойындай қызықтыра түседі. Заңғарлы зерттеудің нәтижесінде адам баласы тайпалық  қоғамнан қазіргі ақпараттық қоғам дәрежесіне жете білді. Дәлірек айтсақ, бүгінгінің 4-5 жасар бөпесін бұрынғының 40-50 жасар әкесімен ойлау, іс-қимыл қабілеті бойынша өзара салыстыруға келмейді. Ғалымдардың пайымдауынша, екеуінің арасы жер мен көктей, яғни қазіргінің бөпесі жан-жақты қабілетті көрінеді. Қазіргі қоғамның озығы мен тозығы табиғатқа қарап үйренудің нәтижесінде дамып отырды, адам миының  пісіп-жетіліп озығының басым болуына ықтимал болды. Дүниеге зуылдайтын заманауи зымырандар, адуынды автомобильдер, ұшарда ұршық иіретіндей тікұшақтар, мықты моторлы қайықтар, ақыр аяғында роботтар келді.Ғылымда озық техниканың жетістігі ретінде айтылғанымен, оның барлығы ой тұрғысынан алғанда құпияға бай табиғаттан үйренудегі адам баласының жетістігі екендігі хақ. Мысалы, қазіргі тікұшақты инелікке, жук машинасын қоңызға, ұшақты құсқа, автобусты есекқұртқа, сүңгуір қайықты балыққа, жерді қопарғыш тракторды бұзаубасқа қарап жасағандығы тайға таңба басқандай. Жер жүзіндегі жеті кереметке Вавилон бақшасы арқылы үлесін қосқан табиғаттың шеберлігін ұққан адамзат сәнденушілік (мода), суретшілік, сәулетшілік(архитектура), шеберлік(мастер), күйшілік секілді т.с.с. қастерлі қасиеттерді бойына дарытқандығы даусыз. 

(352 баллов)