Жасыл шалғын төңірек,
Далам неткен келісті.
Жаңбыр жауса көбірек,
Көркейеді жер үсті.
Дәл осындай сәттерде
Жазылады өлеңім,
Жазып қойдым дәптерге:
Көп жаңбыр...
Ол – көп егін.
Осыны бар ел тілер,
Көп жаңбыр...
Ол — тоқшылық.
Қала сәнін келтірер,
Көп егілсе кек шыбық.
Көп бес алсам мен егер
Шаттанамын, әрине...
Көп бақытқа кенелер
Көп баласы бар үй де.