Реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы (-інші) жұрнақтарын қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Мысалы: Тамара аттыжетінші класта оқып жүрген жалғыз қызым бар (Сәбит Мұқанұлы Мұқанов)
Реттік санд есімдер де морфологиялық құрамы жағынан дара және күрделі болып келеді де, күрделі сан есімдерде -ыншы (-інші) қосымшасы тіркестегі ең соңғы санға жалғанады. Мысалы:Солардың ішіндегі ең жақсылары он алтыншы, он жетінші нөмірлер екен
Жалғаулық шылаулар— бірыңғай мүшелердің, сөйлем мүшелерінің және құрмалас сөйлем сынарларының ара қатынасын білдіретін шылау сөздер.Жалғаулық шылаулар мағынасына және синтаксистік қызметіне қарай 6 түрге бөлінеді: Ӏ.Ыңғайластық жалғаулықтар (соединительные союзы). Тең дәрежедегі сөздер мен сөйлемдерді жалғастырып, олардың өзара ыңғайластығын білдіреді. Оған мен, және, тағы, әрі, да жалғаулықтары жатады. Мысалы, : Байжан да,Жұмабекте мұндай олжаға кездесеміз деген жоқ еді.