Сочинение ** тему Моя любимая газета или журнал ** казахском языке Плиииииз помогите не...

0 голосов
71 просмотров

Сочинение на тему Моя любимая газета или журнал на казахском языке
Плиииииз помогите не понимаю казахски


Қазақ тiлi (165 баллов) | 71 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

    Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі-білім қазынасы. Ал, білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап-адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. « Кітап дегеніміз-алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік- деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап  таңдап талғап оқи  білу, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу-әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы  шарттардың бірі. « Кітап маған тақтан да қымбат»,- деп атап көрсеткен Шекспир.     « Кітап-ең құдіретті әлем», « Кітап-күн шуағы білімнің»,  « Әліппенің ар жағы-білім бағы» дейді ғой халықта. Сол білім бағына жетелейтін дүние-кітап.»  Иә, мен бұл сөздердің қаншалықты құнды, теңіз суындай терең мәнді етіп айтылғанын жүрегіммен сезінемін. Қазір ойлап отырсаңыз, адамзат ғана емес, күллі тіршілік атаулы жаралғалы бері құбылыстың бәрі кітаптың ішінде сайрап жатыр емес пе? Әр кітап өзінше бір керемет дүние.      Менің жаным да сол дүниелерді танып, білуге ертеден құштар. Осы уаққа шейін мен бірнеше кітап бастарын қайырдым. Сол кітаптардың арасынан " сүйікті кітабым"  атауына ие болған -Мархабат Байғұт ағамыздың " Ауыл әңгімелері" атты шығармасы. Бұл кітаптың жүрегіме жақын тиуінің бірнеше себептері де жоқ емес. 

Толығырақ: http://massaget.kz/blogs/6978/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

(14 баллов)