Маған қымбат жандар шыгарма

0 голосов
288 просмотров

Маған қымбат жандар шыгарма


Қазақ тiлi (50 баллов) | 288 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Бас-аяғы үш-ақ әріптен құралған «ана» сөзінің мағынасы түсінген адамға түпсіз теңізден терең, жеті қат аспаннан да биік, мөлдір судан да таза. Әлемдегі ең асыл, ең бағалы, ең қымбат жан деп ананы айтар едім. Халқымыз аналар қауымына жыр шығарған, қанатты сөздерге тірек еткен, ауыздан ауызға тарайтын аналар туралы әсем ән де шығарған. Ең аяғы, «Жұмақтың кілті – ананың табанының астында» деген мақал аналардың қаншалықты қадірлі адам екенін білдіргендей.

Мына дөңгеленген дүниеде жаныма жақын қымбат адамым – анам. Себебі тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында көтеріп, маған жарық дүниені нәсіп екен, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген анашым болатын. Асыл анашым, сіздің алдыңызда қарызым ешқашан өтелмек емес, тіпті жаяу жүріп Меккеге сан мәрте апарсам да сіздің бір күндік ұйқыңыздың өтеуін өтей алмаймын. Сіз менің өмірімнің бұлағысыз, жарық дүниемнің шырағысыз, анашым!

Маган кымбат жан осы анам

(50 баллов)