Наурыз ежелден келе жатқан қазақтар мейрамы. Жиырма екінші Наурызда күн мен түн теңескенде тойланады.
Неғұрлым жақсы, байлықпен Наурызды қарсы алсаң солғұрлым жылды бақытты өткізесің деген сенім бар. Наурыз бүкіл ауылмен тойланады. Барлық адам қызметіне, алатын орнына байланыссыз тойлайды, көңілденеді. Наурыз көже жеті қоспадан тұрады. Жеті саны қазақтарда киелі сан. Әрбір қазақ үйіне жеті адамды қонаққа шақыруға және жеті адамда қонақта болуға тиісті. Наурызда спорттық жарыстар өткізіледі, онда қыздар, бозбалалар қатысып, бағалы сыйлықтар ала алады.