Напишите пожалуйста ** казахском краткую информацию про қара жорға

0 голосов
73 просмотров

Напишите пожалуйста на казахском краткую информацию про қара жорға


Қазақ тiлi (52 баллов) | 73 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Қара жорға – бiртұтас желiге құрылған, бiрнеше бөлiмнен тұратын, берiк композициялы, нағыз буын биi. Қара жорға – қазақы тұрмыстың, ұлттық болмыстың төл туындысы. Атап айтқанда, қазақ бұл бидi шаруадан қолы босаған кездерiнде тамашалайтын болған. Ол үшiн бiр қарулы мығым жiгiттi ортаға қара жорға ретiнде шығарып, атқа ұқсатып төрт аяқтатып тұрғызып қоятын. Сонан кейiн бидi жақсы билей алатын бiр бозбаланы ортаға шығарып, қол соғатын. Домбырашы дәстүрлi “Қара жорға” би әуенiн тарта бастағанда бишi атқа, яки қара жорғаға билей жүрiп жақындап, алдымен аттың кекiлiн, құлағын, жалын сипап барып ноқта, сонан соң жүген са­лу рәсiмiн жасайды. Бұдан кейiн арқасын, сауырын сипап жүрiп, атты ерттеуге кiрiседi. Мұ­ның бәрi би арқылы орындалады. Iшпек, тоқым-ер са­лып, құйысқандауға келгенде ат үркiп, теппек болып мiнез көр­сетедi. Ат ерт­телiп болғаннан кейiн, бишi жiгiт атты айнала көпшiлiктiң алдында буын биiнiң небiр нәзiк қимылдарын жасап, өнерiн көрсетуге барын салады. Осыдан кейiн бидiң ең шарықтау шегiне, әсем де, қызғылықты сатысына куә боласыз. Бишiмiз ерттеулi аттың төрт аяғын тағалау жосынын жасап, неше түрлi қимыл-әрекетке толы би ырғағына басады да, “Қара жорғасына” қарғып мiнiп, атүстi қозғалысының ең күрделi де әсем қимылын көрсете бастайды. Аттың қолтығына аяқтарын өткiзiп алып, шалқайып, еңкейiп, оңға-солға аунай аттың бауырына түсе билеп, жұртты қыран-топан күлкi қызығына батырады. Егер қонақтар арасында жас би­шiлер болса, олар да биге қосы­лып, ойын көрiгiн қыздыра түседi.

(14 баллов)