Тынымсыз еңбек. Жеңіс – сол еңбектің арқасында келетін жетістік. Ол еңбек, талант және сәттіліктің қосындысынан тұрады. Талантыңа сеніп жүре берсең, ұзаққа апармайды. Меніңше, Аллаға сене отырып, тынбай еңбектену керек. Сонда өзіңе деген сенімділік оянады. Ал сәттілік пен бақ – Алланың беретін сыйы шығар.