Көктем-ең тамаша жыл мезгілдерінің бірі, себебі оқушылардың сағына күткен көктемгі демалыстары басталады.Оқушылардың өздерін қызықтыратын істерімен айналысатын, туған –туысқандарына қыдырып баратын, ойын -сауықтыру орындарына барып демалуға болатын уақыт. Көктем- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, жеке қызығушылықтарын дамытатын, денсаулықтарын нығайтатын уақыт. Көктем маусымындағы бағдарлама балалардың шығармашылық қабілеттерін ашуға, көшбасшылық, тез тіл табу сияқты қабілеттерін дамытуға, өз-өзіне сенімділіктерін арттыруға бағытталған.