Атырау қаласы - облыс орталығы, Батыс Қазақстан аймағындағы өнеркәсіп, мәдени-ағарту, ғылыми және саяси-әлеуметтік маңызы бар шаһарлардың бірі. Қала Каспий теңізінің қазіргі жағасынан 40 км жерде Жайық өзенінің тармақтала біткен атырауын алып жатыр.Тас және темір жол, әуе және су қатынасы торабы.