1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз. Бауырсақ –...

0 голосов
152 просмотров

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.

Бауырсақ – қазақтың ұлттық тағамдарының бір түрі. Бауырсақ пісіру үшін жылы суға ашытқы, қант, ұн салып жылы жерге қоямыз. Ашытқы көпіршектеніп ашыған кезде тұз, май, жұмыртқа, ұн салып өте жұмсақ етіп иін қандыра илейміз. Содан кейін қамырды жайып, төрт бұрыштап кесеміз. Кесіп дайындалған бауырсақтың беті кеуіп кетпеу үшін, матамен жауып қоямыз.
Қазанға май құйып әбден қыздырып алған соң, бауырсақты саламыз. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрамыз. Сонда бауырсақ біркелкі болып піседі. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады. Сондықтан отты баяу жағып қойған дұрыс. Қызарып піскен бауырсақ дәмді болады.
Мәтіннің атауы:______________________________________________
Мәтінге үш сұрақ:
1.
2.
3.


Қазақ тiлi (16 баллов) | 152 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

БАУЫРСАҚТың жасалу жолы.
1.Бауырсақ жасау үшін оған қандай заттар қажет?
2.Дайындалған БАУЫРСАҚТың беті кеуіп кетпес үшін не істейміз?
3.БАУЫРСАҚТың іші шикі болмас үшін оттың қандай жылдамдықта болғаны дұрыс?

(18 баллов)
0 голосов

Мəтінің атауы :бауырсақ
мəтынге 3 сурак
1)баурсак кай улттын тагамынын быр туры?
2)кесып дайындалган бауырсақты беті кеуып кетпеуі ушын бауырсақты немен жауып коям ыз?3)бауырсақты дайындау ушын кажетты тагам дар?




(32 баллов)