1)Қазақстандық 50 жастағы марафоншы Марат Жыланбаев рекордтар кітабына жеті рет енген. Ол Еуропаның ең биік шыңы Эльбрусқа (5642 метр) марафондық жүгіріспен жеті күнде жүгіріп шықты. Марат Жыланбаев 1992 жылы 20 күнде Қарақұм шөлін (1200 километр), 1993 жылы 24 күн ішінде Сахара шөлін (1700 километр), сол жылы 22 күнде Үлкен Виктория шөлін (1600 километр), 1994 жылы 17 күнде Мохава шөлін (1218 километр) кесіп өтті.
2)Хан Шатыр” сауда ойын-сауық орталығы әлемдегі шатырлы ең биік ғимарат ретінде Гиннес рекордтар кітабына кірген. Оның биіктігі – 150 метр. Сондай-ақ, 2012 жылы 16 желтоқсанда қара жорға ұлттық биін бір мезетте 400 адам билеп рекорд орнатты.