Помогите пожалуйста написать Эссе по казахскому языку "казакстандагы туризм"

0 голосов
99 просмотров

Помогите пожалуйста написать Эссе по казахскому языку "казакстандагы туризм"


Қазақ тiлi (12 баллов) | 99 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Жарияланған материалдың жеке номері: 12944


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

Берілген жұмыста біз Қазақстандағы туризмнің рөлі мен орны және қазіргі замандағы дамуы жөніндегі өз ойымызбен бөліскіміз келеді. Қазіргі әлемге тән – белгілердің бірі- өркениет дамуының маңызды факторлары ретінде қалыптасып келе жатқан табиғат пен қоғамның күрделі объективті заңдарына бағынатын бұқаралық сипаттағы туризмнің қарқынды дамуы болып табылады.
Шығармашылық жұмыста сонымен қатар ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің Қазақстан туризмнің дамуына қосатын үлесі, оның мүмкіндіктері мен жетістіктері туралы қарастырылған.
Қазіргі таңда әлемдік экономикада туристік сала – аса жанды және перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде туризм мемлекет кірісінің бірден-бір көзі болып табылады. Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша, Қазақстан тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер сапында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Қазақстан туристік ел болуға толық мүмкіндігі бар бірден-бір ел қатарына жатады. Алайда, Қазақстанда туризм бәсең дамып келе жатыр. Оның дәлелі, елімізге шеттен келетін туристердің басым көпшілігі – келуге тиісті іс- сапармен, кәсіби жұмыс бабымен келгендерден құралып отыр (89,7 пайыз). (Эрканнан қанша пайыз диаграмма шығады). Сонда, 10,3 % ғана демалу мақсатта оның ішінде туған-туыстарына қыдырып келу мақсаты бар. Қарап отырсақ, бұл төмен көрсеткіш. Елімізге келетін туристер көбінесе еліміздің «Алматы, Астана, Көкшетау, Түркістан» осы аймақтарына көп келеді.

(50 баллов)