НАРЫНҚҰМ ЗАУАЛЫ ӨЛЕҢІ

0 голосов
226 просмотров

НАРЫНҚҰМ ЗАУАЛЫ ӨЛЕҢІ


Қазақ тiлi (12 баллов) | 226 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Нарынқұм зауалы
1. Махамбеттің соңғы сөзі 

Мен түсімде зорлық көрдім, қорлық көрдім ғаламат,
Бір таныс қол соғып өтті әлдекімді паналап,
Зұлымдықтың жасырынып келетіні жаман- ақ.
Иығымнан ұшқан басым көкірегімнен домалап,
Бара жатты атамекен Ақжайықты жағалап,
Жүрегімнен аққан қанға боялыпты бар алап.

Жә, бұл түсім тегін емес, мына сойқан заманда
Тіршіліктен қоштасар сәт жетті-ау деймін маған да.
Қоштасар сәт жетті-ау деймін, туған елім, еңселім,
Бостандыққа шақырып ем,
Сенің заңғар ақылың ем,
Едім әрі өлшемің.
Жан ашырың, жақының ем,
Және қайсар ақының ем мен сенің.

Жұлдыздай боп жанар алдан
Ақындықта елден ерек басқа заң.
Батырлығы жоқ адамнан
Үлкен ақын шыққан емес ешқашан.

Туған елім - арман, мұңым,
Енді сені жетелейді жол қалай?
Менің бассыз қалғандығым
Сенің бассыз қалғандығың болмағай!

Иә, шындықтың ащы даңқы,
Шындық үшін жалғыз түстім егеске.
Ақындықтың басты шарты -
Басты алса, да шындықты айту емес пе?

Өлімге сан жақын бардым,
Қоғансыз боп көрінсем де жай көзге.
Шындықты айтқан ақындардың
Бірақ жолы болып еді қай кезде?

Көрде де енді сен жайлы ойға батамын
Бұл іңкәрлік созылады қаншаға?
Кім қаншама шексіз сүйсе Отанын,
Оның тартар азабы да соншама. 

Мен сенемін, күні ертең
Нұрлы үмітпен оянар деп ұлы өлкем.
Күліп жайсаң күн ғажайып
Ел наласы тарқар деп.
Ақымақтар күрт азайып,
Сұмдар қоқақ тартар деп.

Мен сенемін, күні ертең
Пенделіктен тазарар деп ұлы өлкем,
Жә, қашанғы баққа зорлық мінгеспек?
Сенем, ертең оттыға отсыз күлмес деп.
Тек тұлпарлар ғана алатын бас бәйгі
Есектердің мойынында жүрмес деп.

Мен сенемін, күні ертең
Ақыл-ойды пір тұтар деп ұлы өлкем,
Мына дәурен бұрқан-тартқан
Ертең қайта өзгерер.
Ақындарын сұлтандардан
Артық сыйлар кез келер.

Қадір тұтам қиялдауды
Ертең талғам өзгерер.
Шындап құлай сүйе алмауды
Қылмыс санар кез келер.

Туған елім,
Құдіретімсің аңсаған.
Алдан жарқын күн шыққанша,
Кескініңді көрмейінші шаршаған.
Пасық ойлар тұншыққанша,
Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша,
Жер астынан қарап жатам мен саған.

(76 баллов)
0 голосов
Ұлтты сүю, ұлт тағдырын ойлау деп осыны айт! Бұл өлең бір ұлт жөнінде алып ақынның алыптығын айтатын мәңгілік жыр, отанымыздың тәуелсіздік жыры. Тәуелсіздік үшін құрбан болған сансыз батырлардың жүрек қанымен жазылған жыр. Махамбетті өлім алдында осылай сөйлете алған Мұхтар Шаханның да өзіде бір Махамбет дер едік.