Сөзжасам дегеніміз не?

0 голосов
174 просмотров

Сөзжасам дегеніміз не?


Қазақ тiлi (12 баллов) | 174 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Сөзжасам орыс. словообразование – тілбілімінің жаңа мағыналы туындысөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы. Зат не құбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық процесснегізінде атау ретінде танылады. Сөзжасамның зерттеу нысанына атаудың жасалуы, қалыптасуы, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасы, туынды сөздің жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, жаңа мағынаның ішкі құрылымы, т.б. жатады. Қазақ тілініңсөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуымен қатар, мағынаның дамуын, ұғым-мағына - атаудың кешенді бірлігін қарастырады.

(34 баллов)
0 голосов

Сан есімнін, сөзжасамы тіліміздің сөзжасам жүйесінщ жеке бір мәселесіне жатады. Сондықтан сан есім сөзжасамының тілдің жалпы сөзжасам жүйесімен ортақ мәселелері, заңдылықтары болатыны сөзсіз. Осы жағдай ескеріліп, алдымен тілдің жалпы сөзжасамы туралы қысқаша мәлімет беріп, содан кейін сан есім сөзжасамына көшуді дұрыс көрдік. Сөзжасам өз алдына зерттеу объектісі бар тіл білімінің жеке саласы. Сөзжасам объектісіне сөз жасаушы тәсілдер, сөз жасаушы тілдік элементтер, сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөзжасам үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық зандылықтар мен мағына, сөзжасамның сөз таптарына қатысы сияқты күрделі мәселелер жатады. Бір сөзбен айтқанда, сөзжасам тіл-дің сөзжасам жүйесін зерттейді.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/referat/191-referat.html
© www.ZHARAR.com

(70 баллов)