Киім - дегеніміз адамға ең қажетті, мәдени материальдық элемент болып табылады. Киім үлгілері адамның өсу ортасына, техниканың, экономиканың өсуіне, ұлттық мәдениет пен дәстүрге, қоғамдық өндіріске байланысты өзгереді. Жақсы киінуге ұмтылатын кісіге жинақылық, тазалық сияқты қасиеттер тән болуы керек. Үтіктелмеген, дақ түскен, кей жерлері майланып кеткен көйлектер мен костюмдерді, жағасы манжеталары кірлеп, қыртыстанған жейдені киюге болмайды. Түймелердің дұрыс, берік қадалуын, киімдегі тесілген, жыртылған жерлерді дер мезгілінде жамап, тігіп, отыруды ұмытпау қажет.