Перевод тіл мен Əліппе на русский язык.
Тіл мен Əліппе ойласып, емтиханды сыныпта емес, ашық саялы бақта алатын болып келісті. Бұл қолайлы, ауасы таза, тып-тыныш жер еді. Ағаштар бүршік атып, өріктер гүлдеп, хош иіс мұрын қытықтап, шабыт шақырады. Коктем келгелі осы бақ іші Тілдің сүйікті мекеніне айналды. Жұмыска бар ынтасымен берілгені сондай, Əліппені де сирек қабылдайды. Əрине, одан басқа Тілдің алдына батылы жетіп, бас сұқпайды. Қанша дегенмен, елге сыйлы ғұлама адам емес пе, тартынады.