Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырыңыз.
Бірде қария немересіне: "Балам, өмір сүру ушін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су - тіршіліктің нәрін береді; от - өмірге жалын береді; тұз - астың дәмін келтіреді; қыз - өмірдің сәнін келтіреді. Адамға ақыл беретін - ата-ана, ұстаз досың. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады" деген екен.