просклонять по падежам, два любых слова ** казахском языке

0 голосов
64 просмотров

просклонять по падежам, два любых слова на казахском языке


Қазақ тiлi (144 баллов) | 64 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Тілімізде 7 септік жалғау бар. Олар: атау септік, ілік септік, барыс септік, табыс септік, жатыс септік, шығыс септік, көмектес септік.
Септік жалғаулары — зат есімдердің мағыналарын түрлендіріп, оларды басқа сөздермен байланыстыратын қосымшалар. Мысалы: Абай Найманның дауына билігін айтып қойған еді. (М.Ә.) Бұл сөйлемдегі Абай деген сөзді атау септік баяндауышпен (айтып қойған еді), Найманның дегендегі ілік септік ол сөзді тәуелдік жалғаулы сөзбен (дауын) байланыстырып, дауына дегендегі барыс септік, билігін дегендегі табыс септік ол сөзді айтып қойған еді деген етістікпен байланыстырып тұр.
Сөйтіп, септік жалғаулары сөздерді бір-бірімен байланыстыру қызметін атқарады. Қазақ тіліндегі септіктің аттары, сұраулары және жалғаулары мыналар:
Атау – кім? не?
Ілік – кімнің? ненің? –ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің.
Барыс – кімге? неге? қайда? –ға, -ге, -қа, -ке.
Табыс – кімді? нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті.
Жатыс – кімде? неде? қайда? –да, -де, -та, -те.
Шығыс – кімнен? неден? қайдан? –нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден.
Көмектес – кіммен? немен? –мен, -бен, -пен.

(638 баллов)
0 голосов

Атау с--мысық, аю
ілік с--мысықтың, аюдың
барыс с--мысыққа, аюға
табыс с--мысықты, аюды
жатыс с--мысықта ,аюда
шығыс с--мысықтан, аюдан
көмектес с--мысықпен, аюмен













(53.9k баллов)