Мен өзімнің туған жерімді мақтан етемін және оның алдындағы перзенттік борышымды өтеуге әзірмін. Туған жерім менің тұлға болып қалыптасуына өз әсерін тигізді. Әркімнің туған жері — Мысыр шаһары демекші өз туған жерім өзіме ыстық. Дүниенің қай бұрышында жүрсеңде туған аймағында өткен күндер есінен кетпейді. Онда өткізген балалық шақ, аяулы мектебім, ұлағатты ұстаздарым, оның тұрғындарының жайдарлы жүздері, менің жан достарым, асыр салып ойнаған көк орай шалғын, анамның қара қазанда пісірген бауырсағы, мереке сайын жайылатын дастархан осының бәрі күні кешегідей көз алдымда. Қанша биік белес бағындырсақта, торқалы туған жердің құдіретінен аса алмаймыз.Туған өлкем әр ісіме шабыт береді, мұнайған кезде көңіліме жұбаныш болады, өмірдің қатал сыңына ұшырағанда да осы жерден пана табамын. Мыңдаған тағдырларға куә болып, қойнауы сырға толы бұл мекен менің арманыма қанат бітіреді. Дүниеге шыр етіп келгеннен анамның ыстық махаббатымен сезінген туған жерге деген махаббатым ешқашан жүрегімнен сөнбес.