ТЫЙЫМДАР
• Белді таянбайды. Себебі жақын адамы қайтыс болғанда жоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады.
•Жақты таянбайды. Қайғы-қасіреттен әбден қажыған адам ғана жағын демеу етіп, таянады.
•Жер таянып отырмайды. Жақынынан айырылған адам ғана жер таянады.
•Бетті басуға болмайды. Қайғы-қасіреттен қажыған адам ғана бетін басады.
•Қолды тарақтауға, артқа қусырып жүруге болмайды. Бүл - қолы байланған түтқынды еске салатын жаман ырым.
•Белді босқа буынбайды. Өмірінде перзент көрмеген адам ғана белін босқа буынады.
•Тізені, табанды тартуға болмайды. Ауруға шалдыққанда ғана тізе мен табанды тартады.
•Тізені қүшақтамайды. Бүл - «Үрпақсыз қалдым», «Қу тіземнен басқа қүшақтар қалмады» деген жаман ырымды білдіреді.
•Жуған қолды сіліксе, ырыс-несібе кетеді.
•Адамға қарап қолды шошайту әдепсіздік болъш саналады.
•Саусақты, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды, бүл да әдепсіздік белгісі.
•Екі қолды төбеге қойып отыруға болмайды. Басына қайғы-қасірет түскен адам ғана екі қолын төбесіне қойып отырады.
•Аяқ-қолды жіппен байлауға болмайды. Себебі бүл қол-аяғы байланған түтқынды еске салады.
•Басты шайқауға, тісті қайрай беруге болмайды. Жүйке ауруына шалдыққан адам ғана осылай істейді.
•Тандай қағуға болмайды. Үй ішінде тандай қаға беру - жаманшылық (өлім-жітім) шақыру белгісі.