Алакөл — Қазақстандағы Алматы және Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан тұйық көл, Қазақстандағы ең ғажайып көлдердің бірі.
Алакөл
Alakol and Sasykkol.jpg
Қазақстандағы ең ғажайып көлдердің бірі
ОрналасуыАлматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы
Координаттары46°10′ с. е. 81°35′ ш. б.46.167° с. е. 81.583° ш. б. (G) (O) (Я)
Бассейн елдеріҚазақстан
Көлдің түріАғынсыз көл, тұйық көл
Құятын өзендерҮржар, Қатынсу, Емелқұйса, Жаманөткел, Ырғайлы, Жаманты өзені
Ауданы2,650 км²
Ұзындығы104 км
Ені52 км
Су бетінің ауданы47859 км2
Орташа тереңдігі22,1 м
Тереңдігі54 м
Су деңгейі247,3 м
Сонымен қатар аумағы 20 мың гектардан асатын бұл өлкеге денсаулығын түзеткісі келетіндерден басқа, теңдесі жоқ көлде шомылу мен балық аулағанды ұнататындар келеді.
Орта ғасырларда "Гургенор", кейін "Алактогол", "Алатеңіз", "Алакта" деп те аталған. Алакөл — Жетісудың Балқаштан кейінгі үлкен көлі. Ол Алакөл ауданының солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Көл ағынсыз, солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Теңіз деңгейінен 247,3 м абсолюттік биіктікте орналасқан. Көлдің аралдарымен қоса есептегендегі аумағы 2696 км2, ұзындығы 104 км, ең шығыңқы ені 52 км, жағалауларының ұзындығы 384 км, орташа тереңдігі 22,1 м, ең терең жері 54 м, көлдің су көлемі 58-60 км3. Су жиналатын алабы 47859 км2. Алакөлдің ең ірі шығанағы — Алакөл шығанағы. Ол көлдің оңтүстік-шығысындағы тау аралық ойыста орналасқан.