Сөздерді қолдануда қандай əдеби тіл нормадарын сақтау керек

0 голосов
141 просмотров

Сөздерді қолдануда қандай əдеби тіл нормадарын сақтау керек


Қазақ тiлi (14 баллов) | 141 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Тіл нормалары белгілі бір лингвистік ұғымның тіл дербестігін айқындаушы барлық сөйленіс тәжірибелері мен дағдыларының, ерекшелік белгілерінің жиынтығы. Табиғи болмысы тұрақтылыққа, бір қалыпты орнықтылыққа негізделе тұрып, ол әр түрлі себептіліктерге сай ішкі өзгерістерді дебатынан кешіреді. Өйткені, бұның өзі әлеуметтік құбылыс болып табылатын тілдің әрі жасаушысы, әрі тұтынушысы - адамзат қоғамының үздіксіз өзгеріп, өсіп дамып отыру заңдылығымен тікелей байланысты. Тіл нормаларының осы біршама икемшілдігі нәтижесінде сөйленіс машықтарының қайсыбір тәсілдері белгілі бір замана сәттерінде ез біреге илігінен айрылып, жарыспалы жаңа мүмкіндіктермен молығады. Басқаша айтқанда, ежелгі норма әлі өз күшін жоймай тұрып-ақ, жаңа норманың нышандары «сөз жұмсау» қажеттілігіне айнала бастайды. Сөйтіп, тілде жарыстас сөздер, мәндес тіркестер, әртүрлі нұсқадағы қолданыстар пайда болады. Олардың өміршең, ұтымды түрлері уақыт талабына ілесіп, тіл ағымын бойлап кете береді, ал белсенділік таныта алмағандары бірте-бірте бәсеңсіп, тіл қазынасының бұйығы қорын жасаушы тарихаят дүниеліктерге айналады. Бірақ, кезеңі келгенде олардың қайта серпіліп, қарым-қатынастың өткір де өтімді кұрамына айналып кетуі әбден ықтимал.

(238 баллов)