Тілім тірегім соғып тұрған жүрегім эссе

0 голосов
231 просмотров

Тілім тірегім соғып тұрған жүрегім эссе


Қазақ тiлi (12 баллов) | 231 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

«Мемлекеттік тіл – қазақ тілі елімізде тұрып жатқан барлық қазақстандықтарды біріктіретін күш» деп еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей ең әуелі Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілін құрметтейік. Қай кезеңде де көп тіл білетін аза- маттар мемлекеттің төл мәдениеті мен қатар, халықаралық достық пен бірліктің артуына кепілді күш сала- тын азаматтар болмақ. Сол себепті көпшіліктің қолдауына ие болған үш тұғырлы тіл бағдарламасының келе шекке берері мол. Бұл бағдарлама еліміздің мүддесін арттыруға, табыс ты ұлттардың қатарында болуға мүм кіндік береді. Отыз дамыған мемлекеттің қатары на қосылу Елбасымыздың қойған ең басты мақсаттарының бірі болып табылады. Осы мақсатқа жетудің бір жолы үш тілді терең меңгеру деп ойлаймын. Бұл бағдарлама бойынша ауданы мызда мемлекеттік қызметкерлер мен әртүрлі бюджеттік саладағы қызметкерлерге үш тілді де тегін меңгеру мүмкіндігі беріліп отыр. Демек қазақ тілі –мемлекеттік тіл, орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі екенін ұмытпағанымыз жөн. Осы бағдарлама аясында ауданымызда біршама қызметкерлерімізге аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» жұмыс атқарып өз деңгейінде білім алған қызметкерлерімізге сертификат табыс етіліп келеді. Бұл тегін оқу курсына барлық жағдайды қамтып отырған аудан әкімі Ә.Тұрғымбековке алғы сымыз шексіз. Мен әріптестерімді осы бағдарламаны қолдауға шақырамын. Бұл бағдарлама біздің табысты болашағымыздың бағдарламасы екендігіне мен сенімдімін. Уақыт талабымен үндесе отырып, тіл - ұлттың тірегі екендігін ұмытпайық!


(185 баллов)
0 голосов

Тілім тірегім соғып тұрған жүрегім дегеніміз әр қазақ еліңде қазақша сөйлеу отандық борышым деп айтсақ болады.Өзге тілдің бәрің біл өз тіліңді құрметте деп ата бабамыз мақал арнап кеткен.Тілімізді құрметтесек қана жақсы деңгейге түсеміз.

(53 баллов)