Окушылардын енбек ардагеримен диалог курастыру

0 голосов
67 просмотров

Окушылардын енбек ардагеримен диалог курастыру


Қазақ тiлi (17 баллов) | 67 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Арыслан мен Дамир сабақтан қайтып келе жатыр.
-Арыслан, сен білесің бе, менің атам еңбек ардагері?
-Еңбек ардагері деген кім?
-Меніңше, соғыс ардагері сияқты шығар?
-Мен олай ойламаймын...
-Арыслан ендіше жүр біздің үйге, атамнан жақсылап сұрағымызға жауап алайық.
-Жүр кеттік, Дамир.
-Ата, Ата
-Асалаумағалейкум, ата! Қал-жағдайыңыз жақсы ма?
-Уағалейкумассалам, қарағым! Шүкір жақсымын. Сен осы Асылбайдың немересі емессің ба, түрің ұқсап тұр.
-Иə, ата. Мен Асылбайдың немересімін.
-Ата, еңбек ардагері деген кім?
-Еңбек ардагері-өзінің маңдай терісімен, адал еңбекпен халқына пайда келтірген адамға берілетін атақ қой.
-Сонда ол, соғыс ардагері сияқты ма?
-Екеуінің де ұқсас жері бар. Екеуі де халқы үшін тырысып, барын салады. Айырмашылығы біреуі қан майданда алысады. Екіншісі еңбек майданында.
-Ата, сіз еңбек майданында жеңіске жетіп, еңбек ардагері дегенге ие болдыңыз ғой, иə?!
-Солай, десе де болады, шырақтарым!
-сіз сонда еңбек майданында қандай қызмет атқардыңыз?
-мен егіншілікпен айналысқан дихан болып қызмет атқардым. Мол түсім алып, халқымды қуаттандырдым. Солай, еңбектің наны тəтті демекші, еңбегіме лайықты түрде марапаттады ғой. Жарайды, бастарыңды көп қатырмай сендер білім майданында алысыңдар.
-Жарайды, ата, сау болыңыз!
-Сау, болыңдар қарақтарым!