Бастауыш деп сөйлемде атау септіктұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз.
Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімің? нең? кімі? несі? қайсысы? қаншасы? нешеуі? деген сұраулардың біріне жауап береді
Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштыңқимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесінатаймыз.
Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да, не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не?деген сұрауларға жауап береді.