Міне.
БАТА Қазақ халқының әдет-ғұрпында ақ тілек ізгі ниет білдіру есте жоқ ескі заманнан бері бар үрдіс. Ол өлең, көркем қара сөзбен айтылып, ауыз әдебиетінің бір жанры болып қалыптасқан. Бата өмірдің пайдалы да тәрбиелік жақтарын алға тартып, күнделікті тіршілікте жаңсақ қадам, жаман әрекеттен сақтандыра отырып, адамдық іс қара-кет, асыл мінез-құлықта сәт-сапар, оң жол тілейтін өсиет сөз іспетті. Айталық, белгілі бір істі бастарда, ұзақ жолға шығарда ақсақалдардың ақ батасын алу — қазақтың ежелгі дәстүрі. Ислам дініне қараған кезден бері ол өлгенге Құран оқу, аят оқу сияқты діни сенімдермен ұштастырылды. Қазақтар әдетте дүние салған адамның жылына дейін оның туыстарына көңіл айтады,бата жасап,өлікке бағыштап дұға оқытады. Мұны әркімнің "Құдай алдындағы парызы" деп есептеген. Бүгінгі батаның тәрбиелік маңызы зор - от басына амандық,, ұзақ өмір, бақыт, т.б. тілек түрінде айтылады.